Жамбылдағы жарылысқа қатысты жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

1640

Жамбыл облысындағы жарылыс туралы жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбылдағы жарылысқа қатысты жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

27 тамызда Instagram-да мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жойқын жарылыстан апат аумағына кіру мүмкін емес деген бейнежазбаны анықтаған. Сондай-ақ ер адам видеода зардап шеккендер көп екенін де айтқан.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Тіркелген факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деді тәртіп сақшылары.

Полиция қызметкерлері адам жалған ақпарат таратқаны үшін
3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу