Депутат: Жамбылдағы жарылысқа кінәлілер неге әлі айтылған жоқ

986

Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыстан кейін із-түссіз кеткен бір адам әлі табылған жоқ. Ол Қорғаныс министрлігінің қызметкері болатын. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Депутат: Жамбылдағы жарылысқа кінәлілер неге әлі айтылған жоқ

Министрге сұрақ қойған депутат Мейрамбек Төлепберген жарылыстың нақты себебі мен кімдер кінәлі екені әлі белгісіз екенін айтты.

"Жарылыстан 17 адам  қаза тапқан. Оның 10-ы – менің жеке құрамым, (ТЖ министрлігі). Бүгінгі таңда бір адамды – Қорғаныс министрлігінің қызметкерін іздеу жалғасып жатыр", – деді Ильин.

Оның айтуынша, жарылыстан кейін өрт сөндірушілер барлау жүргізіп, объект басшылығынан жарылыс қаупі бар-жоғын сұраған. Әскери бөлім басшылығы мен Қорғаныс министрлігінің басшылығы тротилден басқа ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеген.

"Жамбыл гарнизонының өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері көрші қоймалардың суығанын қамтамасыз етуге кірісті. Бірақ тергеу іс-шаралары барысында анықталғандай, тротил болған қоймада өрт болып, одан жарылыс туындады. Ал бұл іске не себеп болғанын және кім кінәлі екенін тек сот анықтауға құқылы. Ішкі істер министрлігі тергеу іс-шараларын жүргізуде. Біздің қызметкерлер жұмыс істеуде. Соның ішінде тергеу тобына себептерін анықтауда көмек көрсетуде", – деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар оның мәліметтері бойынша, тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар анықталды. Олар да қылмыстық іс аясында тергеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылының жанындағы әскери бөлімде оқ-дәрі қоймаларының бірінде өрт шығып, кейін бірқатар жарылыс болған. 26 тамызда төтенше жағдай салдарынан Жамбыл облысында 17 адам, оның ішінде азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметшісі және әскери прокурор қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу