Жамбылдағы жарылысқа жауапты 4 адам 23 млрд теңге өтемақы төлейді

2103

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкер тұлғадан 25 093 038 236 теңге материалдық залалды мемлекет пайдасына өндіру туралы арызын қарады. 

Жамбылдағы жарылысқа жауапты 4 адам 23 млрд теңге өтемақы төлейді Фото: Бейнежазбадан

Еске сала кетсек, 2021-жылы 26-тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан Қорғаныс министрлігі № 28349-әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, алапат жарылыс болған еді. Апат салдарынан 18 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алған.

Бұл оқиғаға байланысты елімізде "Аза тұту күні" жариялан болатын.

Жауапкерлердің кінәсі Шымкент гарнизонының әскери сотының 2023-жылғы 20-қазандағы және Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024-жылғы 13-наурыздағы заңды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденіп, олардың іс-әрекетінен аса ірі мөлшерде шығын келгенін сот анықтаған.

Материалдық залалды өндіру үшін жауапкерлерден 23 764 530 881 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айып төлеу жөнінде шешім қабылданды.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу