Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 9-ға жетті

619

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 9-ға жетті

"13:00-дегі жағдай бойынша жедел ақпарат: Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің,  әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу