Жамбылдағы жол апатынан зардап шеккен өзбекстандықтар үшін жедел желі іске қосылды

349

Жамбыл облысында болған ірі жол апатына қатысты жедел желі телефондары қосылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.  

Жамбылдағы жол апатынан зардап шеккен өзбекстандықтар үшін жедел желі іске қосылды

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылынан 6 шақырым қашықтықта Алматы - Ташкент тасжолының 571 шақырымында жол апатына түскен Өзбекстан Республикасында тіркелген автобуста болған жолаушылар мен жүргізушілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсету бойынша жедел желі телефондары ашылды.

"Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өрт сөндіру қызметінен барлығы 38 қызметкер мен 10 бірлік техника және Апаттар медицинасы орталығының 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиғаның нақты себептері құзырлы органдар анықтайды", – делінген ведомство хабарламасында.

Жедел желі телефондары 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67

Осыған дейін автобус пен трактор соқтығысып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу