Жамбылдық дәрігерлер емізігін жұтып қойған сәбиді аман алып қалды

692

Ауруханаға жедел жәрдем көлігімен 9 айлық нәресте ауыр халде жеткізілген

Жамбылдық дәрігерлер емізігін жұтып қойған сәбиді аман алып қалды Фото: Жамбыл облыстық балалар ауруханасы

Жамбыл облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігерлері тоғыз айлық баланың ішегінен емізік алып шықты. Бөтен зат баланың ішкі-құрылысында бірнеше күн болған. Дәрігерлер де бала ішіндегі емізікті бірден анықтай қоймаған.

Ауруханаға жедел жәрдем көлігімен 9 айлық нәресте ауыр халде жеткізілген. Анасының айтуынша, бала үйінде ойнап жүріп, кенеттен есінен танып құлап, басынан жарақат алған. Біршама уақыттан кейін нәрестеде лоқсу, көпреттік құсу пайда болып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер шағымдарды ескере отырып, 9 айлық баланы бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызады. Бірақ қаншама ем-дом жүргізілсе де, нәрестеден өзгерістер байқала қоймаған соң, оны жедел түрде хирургтар да қарап, арнайы инструментальды зерттеу жүргізеді. Нәтижесінде нәрестеге "Жедел ішек өтімсіздігі" диагнозы қойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу