Жамбылдық кәсіпкердің құқығы қорғалды

912

Тұрмыстық техника шығаратын зауыт соғуға 3,4 млрд теңге инвестиция салуды көздеген кәсіпкер жер телімін алу кезінде қиындыққа тап болған. 

Жамбылдық кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбыл облысының жергілікті атқамінерлері кәсіпкерлерге жер беруге келгенде шаруаны сағызша созуды әдетке айналдырған. Мәселен, аймақта тұрмыстық техника шығаратын зауыт соғуға 3,4 миллиард тенге инвестиция салуды көздеген кәсіпкер жер телімін алу кезінде қиындыққа тап болған, деп хабарлайды Аtameken Business. Соның салдарынан өңір жаңа жұмыс орындары мен жергілікті бюджетке түсетін алым-салықтардан құр қалған.

Салы суға кеткен кәсіпкер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Нәтижесінде еліміздің кәсіпкерлері мен инвесторланын қолдау, жемқорлықтан қорғау шараларына сәйкес мәселе оң шешімін тапқан. Қазіргі таңда 11 гектар жер алып, зауыттың жобалық сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу