Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды

488

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова бастаған Жамбыл облысының делегациясы АҚШ-қа барып, ондағы көрмелерде қолөнер бұйымдарын назарға ұсынды. 

Жамбылдық қолөнершілердің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылды Фото: inform.kz

Бұл туралы inbusiness.kz сайты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Делегация Чикаго қаласында өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Оны Qazaq Community Center Chicago қазақ диаспорасының өкілдері ұйымдастырды.

Сонымен қатар іскер әйелдер Хьюстон, Нью-Йорк пен Майамиде болды.

"АҚШ-тағы Наурыз мейрамы ойдағыдай өтті. Қазақ диаспорасы бір-бірімен жақынырақ танысып, жерлестерін қолдап отыруға, одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқаны қуантты. Оларды дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енген Тараз қаласы туралы ақпараттар қызықтырды. Біздің тарихи шаһар туралы көбірек білгісі келеді. Жоғары қаржылық шығындарды ескере отырып, іскер әйелдер біздің қолөнершілеріміздің өнімдерін өткізу мүмкіндігі және байланыс орнату үшін барлық шығындарды өз мойнына алды. Жамбылдық шеберлердің бұйымдары қазақ диаспорасының ғана емес, штаттардың өзге де тұрғындарының қызығушылығын оятты. Олар өздеріне ұнаған өнімдерді сатып алып жатты. Сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығының өкілдерімен кездесіп, делегациямыздың мақсаты туралы әңгімеледік", - деді Айгүл Ақшалова.

Мерекелік шаралар барысында жамбылдықтар домбыра тартудан шеберлік сабағын өткізіп, халық әндерін шырқады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу