banner

Жамбылдық полицейлер 10 қару, граната және 600-ден астам патрон тапты

536

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізеді.  

Жамбылдық полицейлер 10 қару, граната және 600-ден астам патрон тапты

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағынан 10 қару, екі граната, патрондар, каскалар, сауыт-саймандар, рация тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Табылған қарулардың арасында Калашников автоматы, Макаровтың екі тапаншасы, Компакт маркалы тапанша, тегіс ұңғылы карабин, екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, ИЖ-56 екі ұңғылы құрама мылтық, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтықтар, екі жарық-шу гранатасы, әртүрлі калибрлі 648 патрон болды.

Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу