Жамбылдық шаруалар көктемгі дала жұмыстарына алаңдап отыр

850

Шаруа қожалық басшыларының алаңдауына себеп болып отырған жай – жанар-жағар май бағасының өскені. Қазірдің өзінде кей жерлерде жанар-жағармай бағасы литріне 200 теңгеден асып кеткен.

Жамбылдық шаруалар көктемгі дала жұмыстарына алаңдап отыр

Орта және ұсақ шаруашылықтардың науқандық жұмыстар кезінде шығын көп шығатынын айтады. Өйткені техника тапшы. Жанар-жағар майдың дәл науқандық жұмыстар кезінде қымбаттап кететіні тағы бар. Бақша дақылдарын өсіретіндердің алдынан бұл кедергіге қоса биыл тағы бір проблема шығыпты. Нақтырақ айтсақ, тыңайтқыштың да бағасы өскен.

Таластық Ахмедияр Айтбаев "Қазфосфат" ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар зауыты" өз өнімдерін Жамбыл жерінде өндіріп отырған соң, жергілікті шаруашылықтарға тыңайтқыштарды белгіленген шекті бағада өткерсе дейді. Бұл зауыт өнімінің 95 пайызы шетелге экспортталатыны тағы бар. Қалған 5 пайызы жамбылдық шаруаларға жетімсіз екенін алға тартты.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу