Жамбылдық студенттер бел ауруларын емдейтін киім ойлап тапты. Жас ғалымдардың жобасын жүзеге асыратын демеушілер табылса, радикулит, артрит сынды сырқаттардан құлан таза айығуға болады, деп хабарлайды КТК.
Көптің қызығушылығын оятқан жоба Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырған "Болашақ ғалымдар" ғылыми байқауында үздік деп танылған. Ал жеңімпаздарды қор басшылығының өзі Таразға арнайы келіп марапаттады.
Жергілікті оқу орынының екі студенті кәдімгі түйенің жүні мен зығыр талшығынан емдік қасиеті бар киім ойлап тапқан. Соны кеудеңе кию арқылы көптеген бел ауруынан арылуға болады дейді жас ғалымдар.
"Мұны әлі бекіткен жоқ. Бірақ болшақта бекітеді, патент аламыз деп үміттеніп отырмыз. Егер патент алған жағдайда осындай емдік қасиеті бар бұйымда қолға алсақ дейміз", - дейді студент Қымбат Аниярбекова.