Жамбылдықтар 12 тонна қоқыс шығарды

1347

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Бірге – Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді.

Жамбылдықтар 12 тонна қоқыс шығарды

Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты Жамбыл облысындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Зерде" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ мен "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Қыстаубай Сағынтаевтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен министрлікке қарасты мекемелер қолдап, барынша белсенді түрде атсалысқан.

"Бүгін біз әріптестерімізбен Сейфуллин-Қонаев көшелерінің қиылысында орналасқан аллеяны тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын", – деп атап өтті директор.

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша тазалық акцясына 861 қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 12 тонна қоқыс шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу