Жамбылдың лауазымды тұлғасына ақпарат бермегені үшін айыппұл салынды

715

2022 жылғы ақпан айының ортасында Жамбыл облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің кедергілер жөніндегі кеңес отырыстарының бірінде Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТҮКШ басқармасының нарық субъектілері арасында сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу мәселесі қаралды.

Жамбылдың лауазымды тұлғасына ақпарат бермегені үшін айыппұл салынды

Осыған байланысты, Департамент барлық растайтын құжаттарды және субъектілер арасында көлемдерді бөлу бойынша есептерді ұсыну туралы Басқармаға сұрау хат жіберді. Алайда, заңнамада белгіленген мерзімде Басқарма монополияға қарсы Департаментке сұратылған ақпаратты толық емес көлемде ұсынды. Осының негізінде Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Әкімшілік айыппұл қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен төленді.

Монополияға қарсы департамент лауазымды адамдарға және нарық субъектілерінің назарына ақпаратты ұсынбау не анық емес, жалған немесе толық емес көлемде ұсыну "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын жеткізеді

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу