Астанада Жаңа адамдар Жануарларға мейірімді бол акциясын өткізді. Іс-шара жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға арналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Триатлон саябағында үй жануарларының иелері, мамандар және жануарларға дұрыс күтім жасау мен адам мен жануардың қауіпсіз қатар өмір сүруі туралы көбірек білгісі келген тұрғындар бас қосты.

Акция барысында кинологтар мен ветеринария саласының мамандары жұмыс істеді. Бірнеше күшік жаңа отбасы тапты. Жаңа иелері жануарларғк күтім жасау мен денсаулығына қатысты кеңес алып, тақырыптық белсенділіктерге қатысып, оларға жауапкершілікпен қараудың негізгі қағидаларымен танысты.
Акцияның ерекше кейіпкерлерінің бірі – Пиксель болды. Ол – Қазақстанда алғаш рет остеоинтеграция әдісімен протез салу операциясы сәтті жасалған ит. Пиксельдің қайта қалыпқа келіп, толыққанды өмірге оралуы оған әр кезеңде қолдау көрсеткен адамдардың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
20 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңартылған нормалар үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін күшейтіп, оларды күтіп-бағу және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа талаптарды енгізеді. Жануарларға жауапкершілікпен қарау қоғам мәдениетінің маңызды бөлігіне айналуда.
Владимир Изюмников, Жаңа адамдар Көшбасшысы:
"Қазақстанда жануарларға жауапкершілікпен қарау заңмен бекітілген. Бірақ ешқандай заң өздігінен жұмыс істемейді. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңды жүзеге асыратын – қоғамның өзі. Біздің акциямыз айналамызда болып жатқанның бәріне жауапкершілікпен қарауды насихаттайды. Жануарлардың адамға шабуылы туралы статистика олардың жаман екенін көрсетпейді. Ол біздің өзіміз туралы, оларға деген қарым-қатынасымыз туралы айтады".
