Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы" Жарлыққа қол қойды.
Президенттің пәрмені бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында: "Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – деп жазылған.