Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді

822

Құжат "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады. 

Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді

Бұл туралы inbusiness.kz  Президент баспасөз-хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тағы жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді.

"Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі. Әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді "әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау" қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуге тиіс. Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап беретін болады", – деп жазылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу