Жаңа әліпбидің смартфонға арналған пернетақтасы пайда болды

675

Жаңа әліпбидің смартфонға арналған пернетақтасы пайда болды

Жақында ғана елбасы өзгеріс енгізген латын әліпбиінің смартфондар үшін пернетақтасы жасалды, деп хабарлайды Today.kz.

Қазір пернетақта Android пен MacBook қолданушылары үшін қол жетімді. Оны программист Данияр Мұханов 2-3 күннің ішінде жасап шыққан.

"Жаңа латын әліпбиінің пернетақтасын Android үшін java тілінде, MacBook үшін ukulele тілінде жаздым. Android пен MacBook-қа орнатуға болады. IOS-қа арналған пернетақтаны Zero To One Labs-тағы әріптестерім жасады, ол енді шығады. Смартфонға ыңғайлылығы жағын қолданушылар айтар. Мен әліпби қолданушысы ретінде жаңа әліпбиді бұрынғыдан жақсырақ дер едім. "У" әрпінің оқуға да, жазуға да ыңғайсыздығы бар. "И" мен "І" әрпі де әлі мінсіз емес. Басқасына көңілім тоқ", – деді Данияр Муханов.

Жаңа латын әліпбиі пернетақтасының құрастырылғанына бір күн өтсе де жүзден астам адам смартфонына қондырып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу