Жаңа әліпбиімізге қазақ тіліне орыс тілінен енген кейбір әріптер көшпейді

2243

Жаңа әліпбиімізге қазақ тіліне орыс тілінен енген кейбір әріптер көшпейді

Латинница негізіндегі жаңа әліпбиімізге қазақ тіліне орыс тілінен енген кейбір әріптер көшпейтін болды, деп хабарлайды  abctv.kz.
"Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" парламенттік тыңдауға мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев, сондай-ақ сенат және мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Тыңдау барысында кейбір әріп таңбаларына қатысты ғалымдар түгілі, жаңа әліпбиді жасаған жұмыс тобының өкілдері арасында да бір келісім жоқтығы аңғарылып қалды.
Жаңа әліпби нұсқасы ертең ресми басылымдарда жарияланатын болды. Дегенмен бұл ақырғы нұсқа емес,әзірге жоба ғана болмақ. 
Сонымен, депутаттар және басқа да қатысушыларға ұсынылған жаңа әліпби жобасында 25 таңба бар. Ал 8 әріп диграфпен берілген: мысалы, Ж – ZH, Ч – CH, Ш – SH. Сонда жалпы алғанда, латын тіліндегі қазақ тілінің дыбыс саны – 33-ті құрайды деп күтілуде.
Жұмыс тобының басшысы "Х" (икс) әрпінен бас тартылғанын жеткізді: "Өйткені кириллицадағы х әрпі бізге орыс тілінен кірген. Қазақтарда "һ" әрпі мен дыбысы бар, соның өзі жеткілікті. Ал латын графикасында "H" (аш) әрпі бар. Сондықтан орысша және ағылшынша "х"-дан бас тарттық",- деді Ерден Қажыбек. 
"Белгілі бір мерзімдер туралы айту әзірге қиын. Әліпби қабылданған соң, жұмыс жоспары да жасалады. Сонда ғана нақтылап айту қиын. Қалай болғанда, 2025 жылы толық көшуге дайын боламыз", – деді Ерден Қажыбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу