Қазақстандықтар әлі шығып үлгермеген iPhone-ның жаңа моделін несиеге болсын, алдын-ала тапсырыс арқылы сатып алып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
Әзірге жаңа смарфонды тек бір сатушыдан сатып алуға болады. Дүкен менеджерінің айтуынша, сатылымда тек 16 Pro нұсқасы және 12 Pro Max моделі бар.
Жаңа iPhone 15 Pro және iPhone 15 ProMax бағалары арзан емес — 1 280 000-нан 1 500 000 миллион теңгеге дейін. Бағаның шарықтап тұрғанына қарамастан, сатып алушылар жетерлік екен.
"Мен, тіпті, түсіп жатқан өтінімдерді қарап үлгеріп жатқан жоқпын, телефонмен жауап беруге де мұрша жоқ", - деді дүкен менеджері. - Негізінен барлығы несиеге алдын ала тапсырыс береді".
Жаңа iPhone 15 ресми сатылымы 22 қыркүйекте басталады.