Жаңа астық экспорты 9,8 млн тоннадан асты

152

"ҚТЖ" ҰК" АҚ деректеріне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен бастап 2025 жылғы 10 тамызға дейін экспорт көлемі 9,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа астық экспорты 9,8 млн тоннадан асты Фото: ҚР АШМ

Бұл көрсеткіш 2023–2024 жылдардағы осындай кезеңмен салыстырғанда 55%-ға жоғары.

Жеткізілім көлемінің едәуір артуы қазақстандық астықтың сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді әрі экспорт географиясын кеңейту және логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралардың тиімділігін дәлелдейді.

Негізгі бағыттар бойынша жеткізілім динамикасы: Өзбекстан — 34,4%-ға өсті: 2,75 млн тоннадан 3,7 млн тоннаға дейін; Тәжікстан — 46%-ға өсті: 960 мың тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін; Ауғанстан — 51,6%-ға өсті: 217 мың тоннадан 329 мың тоннаға дейін; Қырғызстан — екі есе артты: 131 мың тоннадан 262 мың тоннаға дейін; Иран — 16 есеге өсті: 61 мың тоннадан 974 мың тоннаға дейін; Әзербайжан — 121 есеге өсті: 6 мың тоннадан 728 мың тоннаға дейін.

Экспорттың оң серпіні қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нәтижелілігін айғақтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу