Жаңа Ата заң жобасында тәуелсіздік пен егемендік ұғымдары елдің басты құндылығы ретінде айқындалған – Ерлан Қарин

96

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Жаңа Ата заң жобасында тәуелсіздік пен егемендік ұғымдары елдің басты құндылығы ретінде айқындалған – Ерлан Қарин Фото: elorda.info

Тәуелсіздік, егемендік ұғымдары – негізгі, фундаменталды ұғымдар. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші  Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа Конституция жобасында тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттілік, аумақтық тұтастық секілді ұғымдар мемлекеттің басты құндылығы, негізгі басымдығы ретінде айқындалып орныққан. 

"Оны жаңа Преамбуладан анық аңғаруға болады. Сондай-ақ, кейбір нормаларда дәйекті түрде белгіленеді. Қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституцияны қарайтын болсақ, тәуелсіздік деген сөз екі рет аталады. Сол сияқты егемендік сөзі де екі рет аталады. Қазір қоғам талқылауына ұсынып отырған жаңа Ата заңның жобасында тәуелсіздік, егемендік ұғымдары 6 рет аталады. Не үшін? Себебі басынан аяғына дейін тәуелсіздік, егемендік ұғымдары – негізгі, фундаменталды ұғымдар. Атап айтқанда, 2-баптың 6-тармағында "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі өзгермейді" деп нақты тұжырым жасалған. Сонымен қатар 3-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы қызметінің негізін құраушы қағидаттары – ең алдымен егемендік пен тәуелсіздікті қорғау" деп басталады. Нығайту, дамыту емес, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау деп басталады", - деді Ерлан Қарин. 

Сонымен қатар, 23-баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғуды насихаттауға жол берілмейтіні бөлек норма ретінде айқындалған.

"46-баптың 17-тармағында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнсе, Президент тиісті шешімдерді қабылдауға құқығы бар екендігі айтылған", – деді Мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу