Жаңа ауданның жарық желілерін жымқырып кеткен

438

Жамбыл облысында жаңа аудан жарықсыз қалайын деп тұр. Өйткені 2 шақырымдай жарық сымы ұрланған. Ол аздай бағаналар құлап, кәріз қақпақтары  қолды болған. 

Жаңа ауданның жарық желілерін жымқырып кеткен

Жалпы өңірде желілерді жымқыру қалыпты құбылысқа айналып барады.

Қызылқайнар ауылында жарығы жоқ жаңа аудан бар. Алып алқапта қазір құрылысы жүріп жатқан 2-3 үй ғана мен мұндалап тұр. Инфрақұрылымы тура 12 ай бұрын жүргізілген. Алайда ауданда күзет жоқ. Ал ұрымтал тұсты ұрлықшылар ұтымды пайдаланған. 

Аудандық әкімдік газ, су, жылу тарту үшін облыстық бюджеттен 375 млн тг бөлген. Сөйтіп 222 тұрғын-үй алқабына бөліп, ауыл әкіміне тапсырады. Жарық желілері қолды болғанын байқаған әкімдік құзырлы қызметке арыз тастаған. Қызығы ұрылар табылмаса да, аудан атқамінерлері ұрлықты көзбен көргендей сипаттап берді. 

"Ұрлаған адамдар, жаңағы, сиптың бір шетін үзген. Сөйткенда оны трактормен тартқан. Трактормен тартқан кезде, 1,7 ем желі жұлынған", дейді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан   Несіпбеков. 

Қазір мәселеге байланысты қылмыстық іс қозғалып, зерделенуде. Шығын көлемі де, тіпті кімнің өтейтіні де белгісіз. Ал табылмаса, аудандық әкімдік қайта қаржы қарап, шығындалмақ. 

Айта кетейік, 3.5 мыңға жуық тұрғыны бар Қызылқайнар ауылында бұдан өзге жол мәселесі де ақсап тұр. Өйткені су құбырын кіргізген мердігер асфальт төсемей әлі отыр. Себеп - бәз-баяғы битум тапшылығы. Қақаған қыста жол төсемейтіні анық. Демек, кемі көктемге қалады. 

Нұрлан Асқар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу