Жаңа аумақтарды қорғау үшін Ресей кез келген қаруды қолдана алады – Медведев

1033

Осылайша, Медведев Ресей басшысы Владимир Путиннің халыққа үндеуіне, ондағы айтылған шешімдерге түсініктеме берді

Жаңа аумақтарды қорғау үшін Ресей кез келген қаруды қолдана алады – Медведев

Өз аумағын, жақында қосылған жерлерді қорғау үшін Ресей кез-келген қаруды, соның ішінде "стратегиялық ядролық және жаңа принциптердегі қаруды" қолдана алады. Бұл туралы бүгін, 22 қыркүйекте РФ Қауіпсіздік Кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев мәлімдеді.

"Референдумдар өтеді, ал Донбасс республикалары мен басқа да аумақтар Ресейге қабылданады", – деді Медведев. – Барлық қосылған аумақтарды қорғауды Ресей Қарулы күштері айтарлықтай күшейтеді”.

Сонымен қатар мұндай қорғаныс үшін "жұмылдыру мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар кез-келген ресейлік қаруды, соның ішінде стратегиялық ядролық және жаңа қағидаттардағы қаруды қолдануға болады" делінген. 

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу