Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын тұлғаларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер бола алады.
Грант мөлшері: 100 АЕК-ке дейін.
Мемлекеттік грант кәсіпкерлердің қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуы үшін беріледі. 2019 жылы жаңа бизнес-идеяларды ашуға берілетін мемлекеттік грант алушылар саны 50-ден 200-ге дейін артқан болатын.