Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 555 мың теңгеден беріледі

1604

Биыл бұл сома 1705 адамға қарастырылған.

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 555 мың теңгеден беріледі

"Еңбек" бағдарламасы аясында бизнес ашуды көздегендерге мемлекеттен қайтарымсыз гранттар беріледі, деп мәлімдеді Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова. 

"Өткен жылы мұндай грантты 2867 адам алды. Биыл 1705 адамға 200 АЕК (1 АЕК – 2778 теңге есебі бойынша), яғни, 555,6 мың теңгеден бөлінеді. Оның ішінде 706 алматылыққа қаржы осы айда аударылады", – деді Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры. 

Мемлекеттік грантты алуға "Еңбек" бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған немесе "Бизнес Бастау" жобасынан өткен азаматтар үміткер бола алады. Бұл ретте аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бола тұра жұмыс істей алатындар мен жастарға басымдық беріледі. 

"Кәсіпкерлерді қолдау үшін бағдарлама қатысушыларына 8 мың АЕК-ке дейін микронесие беріледі. Биыл мұндай 140 жобаға қаржы бөлінді. Ал оның 14-і микронесиелерін алып үлгерді", – деді Диляра Иманқұлова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу