Жаңа Boeing 737 ұшақтарынан ақау анықталды

325

Атап айтқанда лайнерлердің фюзеляждегі тесіктері дұрыс бұрғыланбаған.

Жаңа Boeing 737 ұшақтарынан ақау анықталды Фото: The Independent

Фюзеляжінде ақауы бар 50 шақты Boeing ұшақтары жөндеуге қайта жіберіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания қосымша жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет екенін алға тартты. Дегенмен анықталған олқылық ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтінін атап өтті.

Бастапқыда борттағы ақау туралы Boeing компаниясына фюзеляж жеткізетін Spirit AeroSystems хабарлады. Мекеме мамандары 50 фюзеляжден стандартты емес екі тесік тапты.

Сонымен қатар бүгін Emirates әуекомпаниясының президенті Тим Кларк әуеде Boeing-737 Мах ұшағында терезесі мен фюзеляжінің бір бөлігі ұшып кеткен жағдайды ескеріп, Boeing ұшақтарының сапасы айтарлықтай төмендегенін айтты. Кларк алғаш рет Boeing компаниясының зауытына өз инженерлерін жіберетінін мәлімдеді. Бұл компанияның ақауларды жоюға берілетін соңғы мүмкіндігі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу