Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада палатадағы көршілерін алдап кетті

777

Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы алаяқтық дерегіне қатысты екі адамнан арыз түскенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада палатадағы көршілерін алдап кетті Фото: canva.com

Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған, онда босанған әйелдердің бірі 5 миллион теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған.

"Қызметі" үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картаға аударыпты. Алайда уәде етілген несиені де, берген ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу