Жаңа Бұқтырма ауылына апаратын жол жөнделеді

540

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте ауылды абаттандыру мәселесі қаралды, деп жазады inbusiness.kz Noks.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа Бұқтырма ауылына апаратын жол жөнделеді Фото: baq.kz

Бұл ретте аймақта Жаңа Бұқтырма ауылының туристік және әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жоба әзірленіп жатқанын тілге тиек ету керек. Оған сәйкес өзгерістер ауылдың жағалау бөлігін ғана емес, орталықты да қамтымақ.

Атап айтқанда, Мәдениет үйін, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағын абаттандыру, заманауи саябақ салу, көшелерді жарықтандыру да бар. Сондай-ақ, ауылда 200 орынға арналған жаңа білім ордасы бой көтеруі мүмкін. Мұнда оқыту мемлекеттік тілде ғана жүргізіледі деп болжануда. Мектеп құрылысының жобасын жақын арада әзірлеуге уәде берілді.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың сөзінше, ауылға апаратын жолдарды жөндеу де жоспарланған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу