Шығыс Қазақстан облысына қарасты Жаңа Бұқтырма кентіндегі жылу желісінде апат болды. Жергілікті атқарушы органдардың дерегінше, жылу 7:00-ден 18:00-ге дейін өшірілген.
22 қарашада Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары үйлерінің салқындағанына шағымданды. Белгілі болғандай, кентті жылумен жабдықтаушы ұйымның жылу желісінде апат болған.
- Қазір учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселе Алтай ауданы әкімінің бақылауына алынды. Жергілікті атқарушы органдардың дерегінше, жылу 7:00-ден 18:00-ге дейін өшірілген. Техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ауа райы қолайлы болып отыр, - деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Бірінші ауысымдағы оқушылар мектепте оқыды. Ал екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға жіберілген. Балабақша тек балаларын үйде қалдыра алмайтын ата-аналар үшін ғана жұмыс істейді.