Жаңа цифрлық жұмыспен қамту платформалары құрылады

214

Электронды еңбек биржасы базасында студенттердің өндірістік практикадан өту функционалы іске асырылды. 

Жаңа цифрлық жұмыспен қамту платформалары құрылады Фото: Unsplash/Austin Distel

Аталған жоба пилоттық режимде 29 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде 635 студент өндірістік тәжірибеден өту үшін онлайн форматта жұмыс берушілерді табу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ кәсіби мансапты таңдау және мансап жолын басқару құралы болып табылатын жаңа Mansap Compasy платформасы да іске қосылды.

Skills.Enbek платформасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарына микроквалификацияларды тану және WorldSkills алаңдарын дамыту үшін курстарды орналастыру мүмкіндігі берілді. Бүгінгі таңда платформада 603 онлайн-курс орналастырылған, оның 271-і халыққа тегін көрсетілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу