Жаңа депутаттар антты да, алғашқы заңды да қабылдады

584

Жаңадан сайланған Сенат депутаттары ант қабылдап, жұмыстарына кірісті. Төрағаны да сайлап алды. Алғашқы отырыста қаралған заңды бірауыздан қолдап, дауыс беріп, алдыңғы буынның дәстүрін бұзбады. 

Жаңа депутаттар антты да, алғашқы заңды да қабылдады

Жаңа құрам  жаңа төраға. Сенаттың спикерлігіне лайық адамның кандидатурасын президент ұсынған. Басқа үміткер болмағандықтан депутаттарға таңдау жасау да оңайырақ болған сияқты.

"Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру бюллетеніне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының кандидатурасы енгізілді. Дауыс беру үшін Сенат депутаттарына 50 бюллетень берілді. Дауыс беруге арналған жәшіктерді ашқан кезде 50 бюллетень алынды. Жарамсыз бюллетендер жоқ. Берілген дауыстар келесідей бөлінді: жақтағандар  50, қарсы болғандар жоқ, қалыс қалғандар жоқ", дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов.

Содан соң мандаттарын енді алған сенаторлар ант қабылдады. Көбі бұған дейін де лауазымды қызметте істесе де депутаттықтың орны бөлек іспетті.

Айрықша көңіл-күйін жасыра алмай тұрған  соңғы 6 жылда Алматы қалалық сайлау комиссиясына төрағалық еткен Жанна Асанова. Ол былтырғы президент сайлауы кезінде оңтүстік астанадағы дауыс берушілер белсенділігінің төмендігіне байланысты әзілімен есте қалған.

Қалай десек те осы жолы сенатор атанғандардың дені кем дегенде аудан әкімі болған екен. 

Әзірге баға беруге ерте шығар. 5 жылдық мерзімі біткенше жұмыстарын көрсете жатар. Ал бүгін ең алғашқы заң жобасына дауыс берді.

Бақытнұр Әлібай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу