Жаңа доппен жаңа жеңістерге бірге жетейік

389

Су спорты федерациясы су добымен ойнауға арналған арнайы доптарды Астана спортшыларына ресми түрде тапсырды. 

Жаңа доппен жаңа жеңістерге бірге жетейік Фото: olympic.kz

Қазақстандық су добын дамыту бағдарламасы аясында су спорты федерациясы өңірлердің спортшыларына су добы доптарын табыстау акциясын жалғастыруда. 7 қарашада Жетісу облысының спортшыларына жаңа су доптары берілді, ал бүгін, "Барыс-Арена" спорт кешенінің бассейнінде федерацияның ресми доптары Астана командаларына табысталды. Жас су добы шеберлері бірден іс-жүзінде жаңа доптарды сынап үлгерді - елордалық 12 жас және одан кіші ұлдар мен қыздар командалары арасында матчтық кездесулер өтті.

Қазақстан Республикасы су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков Қазақстанда су добына арналған ресми доп, елімізде осы командалық спорттың даму тарихында тұңғыш рет іске асырылғанын баяндады. "Ұлттық талғам мен рухты айқындайтын қазақстандық допты жасау идеясы бұрыннан бар еді, алайда ҚР Туризм және спорт министрлігінің, "Самұрық – Қазына" ҰӘҚ" АҚ серіктестерінің және "Sport Qory" спортты қолдау қорының, сондай – ақ, федерацияның демеушісі – "Qazaq Oil" компаниясының қолдауымен федерацияның бұл бастамасы бүгінгі күні мүмкін болды. Бұл доптар еліміздің барлық аймақтарына су добы спорты дамып жатқан балалар спорт мектептері мен клубтарына тегін таратылады".

Ол, сондай – ақ, еліміздегі су добы спортын дамыту жөніндегі бағдарлама міндеттерінің бірі - қазақстандық спортшыларға әлемдік деңгейдегі спорт құралымен жаттығу мүмкіндігін беру екенін атап өтті. Халықаралық деңгейдегі су добы спортшыларға добты сенімді лақтырулар мен дәл пас беруді қамтамасыз етіп қана қоймай, олар ең жоғары деңгейдегі жарыстарға қажетті дағдылар мен стратегияларды дамытудың кілті болып табылады. Біздің мақсатымыз -чемпиондарды тәрбиелеу ғана емес, оларға ең мықты спортшылармен бәсекелесуге мүмкіндік беру. Спортшылардың жаттығулары үшін оңтайлы жағдай жасау - сапа мен жаһандық бәсекеге, қабілеттілікке ұмтылу кезеңдерінің бірі болып табылады.

Астанадағы "Astana" су добы клубының аға жаттықтырушысы Әділ Темірханов жаңа доп туралы өз әсерлерімен бөлісті: "Біз Астанаға жаңа доптардың келуін асыға күттік, ол туралы Алматыда өткен тұсаукесерде хабарланған болған едік. Әдемі жарқын дизайн көздің жауын алады және бұл біздің - қазақстандық доп екенін бірден анық аңғартады. Спортшының қолында ол құйылғандай сенімді жатады, бұл доптың дұрыс мөлшерімен бірге балалар мен жасөспірімдер командаларының дайындығын едәуір жақсартады және балалық шақтан бастап техниканы дұрыс жолға қоюға және допқа жеке иелік ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Федерацияның серіктестері мен демеушілерінің дәл осы жобаны жүзеге асыруға көмектескені құптарлық. Жаңа доп жаттықтырушыларға ойыншылармен, олардың техникасы мен дағдылары бойынша тиімдірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді және халықаралық ережелерге сәйкестікті қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде командалар үшін бірдей дайындық жағдайларын жасауға толықтай көмегін тигізеді".

Федерация және оның серіктестерінің символикасы бар ұлттық дәстүрлі түс схемаларына сәйкес келетін бірегей дизайндағы доптарды жоғары сапа мен ең жақсы ойын өнімділігінің арқасында, су добы құралын өндірісінде әлемдік көшбасшы болып табылатын американдық "Kap 7" компаниясы шығарады.

Қазақстан Республикасының су спорты федерациясы түрлері туралы

Су спорты федерациясы - қоғамдық ұйым, Қазақстан аумағындағы барлық су спорт түрлері үшін: жүзу, су добы, артистік жүзу, суға секіру және ашық суда жүзуден басқарушы орган болып табылады. Asia Aquatucs - құрлықтық су спорты федерациясының және World Aquatics - дүниежүзілік федерацияның мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу