Жаңа егін астығын қабылдауға 169 элеватор дайын

1280

Жаңа егін астығын қабылдауға 169 элеватор дайын

Ағымдағы жылы жалпы сақтау сыйымдылығы 13,4 млн тонна 195 лицензияланған АҚК жұмыс істейді.

Қолда бар астық сақтау сыйымдылығының жалпы көлемі 26,6 млн тоннаны құрайды, бұл күтілетін жаңа өнімді ескереген күнде де астықты сақтауға жеткілікті болады.

Астық қабылдау кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын жаңа егін астығын қабылдауға дайындау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

11 қыркүйектегі жағдай бойынша 196 элеватор (97%) тексеріліп, оның 169 дайын деп танылды, 20 – біліктілік талабына сәйкестігін растамады (басым бөлігінде ақуыз маңызын және дән маңызы сапасын айқындайтын зертхана құралдарының тексерісі болмағандықтан; жыл сайынғы аудиторлық тексеріс жүргізілмегендіктен; қоймаларды залалсыздандыру сапасыз жүргізілгендіктен және т.б.).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу