Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

2351

Бұған дейін Нұрымбетов Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары болған.

Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Біржан Нұрымбетовті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы жарлық мәтінінде жазылған.

Бүгін Нұрымбетовтің кандидатурасын мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті мақұлдаған болатын. Бұған дейін Нұрымбетов Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары болған.

Біржан Нұрымбетов 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің "Механика және қолданбалы математика" факультетін, сондай-ақ, Алматы экономика және статистика академиясының "Қаржы" факультетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

1993-1996 жылдары – Жамбыл қаласы салық инспекциясы бөлімінің басшысы, салық инспекторы;

1996 жылы – Жамбыл облысы әкімі бірінші орынбасарының кеңесшісі;

1997 жылы – Жамбыл облысы әкімі аппаратының сектор меңгерушісі;

1997-2008 жылдары – "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Жамбыл облыстық филиалының директоры;

2008-2009 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы;

2009-2012 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2012-2015 жылдары – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2015-2017 жылдары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

2017 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың қарашасына дейін – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2017 жылдың қарашасынан Қазақстан кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу