Жаңа ережелер: Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты

594

Икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі 6 айдан аспауы тиіс. 

Жаңа ережелер: Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтан жұмыс пен икемді жұмыс уақыты Фото: Inform.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2023 жылғы 29 мамырда "Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығын бекітті, деп жазады inbusiness.kz prg.kz порталына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, жұмыскерлер үшін қашықтан немесе құрамдастырылған қашықтықтан жұмыс істеу тараптардың келісімі бойынша енгізіледі. Ол мемлекеттік органдардың шешімі бойынша төтенше немесе соғыс жағдайы, төтенше жағдай жарияланған кезеңде не өзге де шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілгенде, сондай-ақ қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да ерекше жағдайларда белгіленеді.

"Жұмыс беруші қызметкерлер жұмысты орындау үшін қажет нәрсенің барлығымен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Өз кезегінде жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді. Басшылық пен кадр қызметі уақытты бақылау мен есепке алуды жүргізеді. Жұмыскерлер, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін. Икемді жұмыс уақыты режимі жұмыскердің өтініші негізінде жұмыс берушінің актісімен белгіленеді. Оның себептері, уақыт режимі және икемді жұмыс уақыты кезеңі көрсетіледі. Өтініш "Е-қызмет" ақпараттық жүйесі арқылы не персоналды басқару жөніндегі ведомстволық ақпараттық жүйеге беріледі", - деп жазылған таратқан мәліметте.

Икемді жұмыс уақыты режимін қолдану кезеңі 6 айдан аспауы тиіс. Кадр қызметі уақытты бақылау және есепке алуды жүргізеді.

Тиісті өзгертулерден тұратын бұйрық 12 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу