Оның айтуынша, Шұбаркөл көмірі бәсекеге өте қабілетті әрі одан фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі.
"Көмірдің аз жағылуына байланысты өндіріс көлемі қысқарған жағдайда кеншілерге не істеу керегі айтылған жоқ. Сондықтан көмір кеніштерінің төңірегіне инвесторлар келуі үшін еркін экономикалық аймақ құруға мүмкіндік беріңіздер", – деді атқарушы директоры Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-тау-кен металлургиялық конгресіндегі брифингте.
Николай Радостовецтің пікірінше, еркін экономикалық аймаққа жұмыс істеуге келген инвесторлар салықтан босатылуы керек, әрі оларға басқа да жеңілдіктер берілуі шарт.
"Олар 5-10 жыл бойы салықты мүлдем төлемесін. Инвесторлар біз сатып алып отырған көмірден химиялық және фармацевтикалық өнімдерді шығара бастайды. Осылайша, біз қосылған құны жоғары өнімдерді сататын боламыз", – деп түйіндеді сөзін басшы.
Дәурен Ерболат