Жаңа ескерткіш монеталар айналымға енгізілді

1330

Жаңа ескерткіш монеталар айналымға енгізілді

Тамыз айынан бастап елімізде жаңа ескерткіш монеталар айналымға енгізілді. Ұлттық банктің құнды металдары "Банкноталардағы портреттер" және "Шығыс күнтізбесі" сериясы бойынша сатылымға шыққан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Айнұр Көшербаева мәлімдеді, деп хабарлайды atpress.kz.

Оның айтуынша, жаңадан айналымға енген монеталардың біріне Абылай ханның суреті бейнеленген. "Proof" сапасымен шыққан 500 теңгелік бұл монета алтын және күмістен әзірленген. Ал екінші монетаның бейнесі – "Ит жылы". Ол да "proof" сапасымен дайындалған. 

Екі жаңа монета да металына байланысты 999 сынамалы алтыннан және 925 сынамалы күмістен жасалған. Мәселен, алтын монетаның ең көп таралымы 1 мың дана болса, күміс монета 3 мың данаға жетеді. Сонымен қатар, нейзильбер қоспасынан жасалған монеталар да бар. Олардың таралымы – 10 мың дана.

Егер кімде-кім алтын, күміс, нейзильбер монеталарын сатып алғысы келсе, Ұлттың банктің Атырау филиалына келуіне болады. Бұл құнды металдардың өзге де тиімділігін сол жерден сұрап білуге мүмкіндік бар. Мекен-жайы: Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2а - үй. Ал кассаның жұмыс уақыты – дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 8.30-дан 14.00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу