Еңбек және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына арналған баспасөз конференциясында "Жаңа форматтағы мекен-жайлық әлеуметтік көмекті азаматтардың қандай санаты алатындығы туралы айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Қазір форматтың идеологиясы өзгеріп жатыр. Кедейшілік деңгейінен төмен кірісі бар барлық әлеуметтік аз қамтылған отбасылар көмек алады. Егер отбасында жұмысқа қабілетті адам болса, алайда белгілі бір себептерге байланысты жұмыс істей алмаса, олар ешбір талапсыз мекен-жайлық әлеуметтік көмекті ала алады. Егер де отбасында жұмыс істеуге қабілетті адам болса, олар біздің жұмыспен қамту бағдарламасына қатысса, отбасына әлеуметтік қолдаудың екі топтамасына ие болады: мекен-жайлық әлеуметтік көмек, екіншісі - еңбекке қабілетті жандарға беріледі", - деді министр.
Ведомство басшысы айтып өткендей, еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мемлекет есебінен білім алып, несие ала алады. Оларды жұмыспен қамту мақсатында ерікті түрде өзге аймақтарға ауыстыру мүмкіндігі де бар.
Сондай-ақ, Т.Дүйсенова айтып өткендей, елдің 2 млн зейнеткеріне жоғары зейнетақы төленді.
"Осы айда ғана қосымша 50 млрд теңгені 2 млн зейнеткерге төледік. Баланың тууына байланысты жәрдемақы 20 пайызға артты. Бұл 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылуда", - деді Т.Дүйсенова.
Осыған дейін министр 2016 жыл қорытындылары бойынша жұмыс берушілер жасаған жеке еңбек шарттарының саны 60 мыңға дейін көбейген. Сондай-ақ, еліміздің ірі кәсіпорындарының 93%-ында ұжымдық шарттар бар екендігін айтқан болатын