Жаңа Гвинеяда кофе және пальма майы жөніндегі министрліктер құрылады

535

Бұл қадам – жергілікті халықтың көңілінен шығу үшін қабылданған шаралардың бірі.

Жаңа Гвинеяда кофе және пальма майы жөніндегі министрліктер құрылады

Жақында қайта сайланған Папуа-Жаңа Гвинеяның премьер-министрі Джеймс Марапе ауылшаруашылық өндірісін дамыту шаралары аясында кофе және пальма майы жөніндегі министрліктерді құру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, жаңа министрліктердің құрылуы Папуа-Жаңа Гвинея халқының көңілінен шығу үшін, яғни олардың ауылшаруашылық саясатына қатысты үмітін ақтау үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. Премьер биліктің қолдан келгенді жасайтынын мәлім етті.

21 қаңтарда Папуа-Жаңа Гвинея парламенті өлім жазасын ауыр қылмыс жасағандарға кесілетін жаза ретінде қолдануға мүмкіндік беретін заңның күшін жойды. Өлім жазасы туралы заң жойылғаннан кейін, өмір бойына бас бостандығынан айыру ең жоғары жаза болып қалады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу