2018 жылы Астана-Вильнюс, Алматы-Рига, Астана-Бухарест бағытында жаңа рейстер ашылады, деп хабарлайды ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
"ТрансЕвразия-2017" транзиттік-көліктік әлеует жөніндегі Х халықаралық конференция аясында азаматтық авиация комитеті жаңа әуе қатынасын ашу мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді.
Кездесуде белгілі болғандай, "SCAT" әуе компаниясы 2018 жылдың мамыр айынан бастап Астана – Вильнюс бағытында халықаралық жаңа рейс ашуды жоспарлауда.
Ал Латвияның "Air Baltic" әуе компаниясы Рига – Алматы халықаралық маршрутын ашпақ. Сонымен қатар, Румынияның "Таром" ұлттық әуе тасымалы Астана – Бухарест бағытында жаңа рейсті жүзеге асырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу