Жаңа iPhone-ды сымсыз қуаттауға болады

1042

Жаңа iPhone-ды сымсыз қуаттауға болады

KGI Securities белгілі талдаушысы Мин-Чи Куоның айтуынша, Apple-дың жаңа смартфондарында сымсыз қуаттау функциясы пайда болады, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған reactor.inform.kz.

Сарапшы жаңа технологияның қалай жүзеге асырылатынын әзірге құпия қалдырып отыр, алайда мұндай функциясы бар жаңа айфондар 2017 жылы сатылымға шығатынын атап өтті.

Apple ақылды сағаттарында сымсыз қуаттау функциясы бұрыннан бар екенін белгілі, сондықтан, смартфондарда осындай опцияның пайда болуы шындыққа жанасымды. Сонымен қатар, өткен жылы Bloomberg компанияның гаджеттерді қашықтықтан қуаттау технологиясын әзірлеп жатқанын хабарлаған болатын.

Таяуда ғана Мин-Чи Куо 2017 жылы Apple смартфондардың үш үлгісін шығаратынын мәлімдеген еді. Оның болжамына сәйкес, iPhone-ның жаңа үлгілерінде бірден 5,5-дюймді екі нұсқа шығарылады, олардың айырмашылығы: бірінде LCD-дисплей болса, екіншісінде OLED-экран қолданылатын болады. Екі нұсқа да камералардың қос модулімен, ал iPhone 8 4,7-дюймді LCD-экранмен және қарапайым фотомодульмен жабдықталады.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін озық биометриялық технологиялар әзірлену үстінде. Apple компаниясының жаңа смартфондар мен планшеттерінде бұрынғы Touch ID орнына олардың иелерін бет-жүзі бойынша танып, сәйкестендіру қолданылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу