Астанада жылдар бойы жалғыз жұмыс істеп келген кәріз тазарту станциясының қасынан тағы 2 нысан ашылмақ. Халық санының өсу қарқынын ескерсек, бұл керек әрі дұрыс шешім.
Дегенмен, оны қабылдарда билік халықтың пікіріне құлақ асу қажеттігін естен шығарып алған сыңайлы. Үйлерінің дәл алдынан тағы бір кәріз станциясының салынып жатқанын естіген жұрттың бармаған жері, баспаған тауы қалмапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу