Жаңа қаулы: Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

1114

Облыстың бас дәрігерінің жаңа қаулысы бүгін, яғни 31 шілдеде жарияланды, деп хабарлайды inbusines.kz.

Жаңа қаулы: Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

Жаңа қаулыға сәйкес, ақмолалықтар қоғамдық тамақтану нысандарында, үйде, сонымен қатар ашық ауада, отбасылық, естелік және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізе алмайды. Талап бойынша бұрынғыдай, ойын-сауық орындарсыз бұрынғыдай саябаққа, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарында жүретін адамдардың саны бір топта 3 адамнан аспауы керек. Заңбұзушылықтарды жою, шара қабылдау мақсатында шағымдарды орналастыру үшін Infokazakhstan, kz сайты пайдаланылады.

Сонымен қатар "Ashyq" жобасына қатыспайтын нысандарда ас беруге тыйым салынды.

Одан бөлек спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы коронавирус індетіне қарсы толық екпе курсын алғаны құжат түрінде расталған жағдайда ғана облыстық команда дайындау үшін оқу-жаттығуларды жандандыруға рұқсат етілді.

Облыста сондай-ақ гүлдер салонына, фотосалон, кітапхана, мұражай қызметіне рұқсат берілді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу