Бірқатар нысанның вакцина алмаған жұмысшылары 7 күн сайын ПТР-тест тапсырады

735

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.  

Бірқатар нысанның вакцина алмаған жұмысшылары 7 күн сайын ПТР-тест тапсырады

"ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдар вакцинацияланбаған жұмысшылары үшін 7 күнде 1 рет ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін", – деліген қаулыда.

Бұл ұйымдардың қатары мынадай:

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары / орталықтары / кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу