Сайысқа қатысуға елдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам түрлі мамандық иесі өтініш білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар-24"-ке сілтеме жасап.
Байқау шартына сәйкес, әрбір қатысушы "Ел дамуына қосқан үлесім" тақырыбында бейнебаян әзірледі.
Осылайша әділқазы мүшелері үздіктерді анықтап, жүйрік шыққан 100 азамат "Жаңа есім" төсбелгісі және бірінші дәрежелі диплом иегері атанды. Шара "Жаңа Қазақстан" қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.
"Бұл шараның мақсаты – халықтың арасында танымал болмаған азаматтарды таныту. Жеңімпаз атанғандар өздерінің мақсаттарын айқындай алады. Біз қоғамдық негізде халықтың алдында осы азаматтарды танытамыз. Конкурсқа қатысқандардың ішінде дәрігерлер, кәсіпкерлер, жас ғалымдар бар", – деді "Жаңа Қазақстан" ҚБ төрағасы Мағжан Садыханұлы.