Жаңа кеден кодексінің қабылдануына байланысты 35 заңға түзету енгізіледі

827

Жаңа кеден кодексінің қабылдануына байланысты 35 заңға түзету енгізіледі

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда талқылады, деп хабарлайды parlam.kz.

Жаңа кеден кодексінің қабылдануына байланысты 35 заңға түзету енгізіледі. Оның ішінде қылмыстық, кәсіпкерлік, экология және бюджет кодекстері, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Өсімдіктер карантині туралы", "Автомобиль көлігі туралы", "Техникалық реттеу туралы" және басқа да заңдарға түзетулер енгізілетін болды.

Заң жобасымен тауарлар шығару туралы өтініште немесе уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініште көрінеу анық емес мәліметтер көрсетіп ЕАЭО кеден шекарасы арқылы ірі көлемдегі тауарлар өткізуді экономикалық контрабандаға жатқызу бөлігіне өзгеріс енгізіледі.

Кеден операцияларын жасау барысында республикалық бюджетке жіберілетін салық түсімдерінің түрлері, оның ішінде: ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға байланысты төленетін кеден баждары, кеден алымдары мен арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары, сондай-ақ алдағы төлемдерді төлеу есебінен аванс төлемдері нақтыланады. Заң жобасының аясында бірқатар заңдарға басқа да түзетулер енгізіледі. Заң жобалары палатаның қарауына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу