Жаңа кемелер сатып алынады

910

Жаңа кемелер сатып алынады

Алдағы жылы елорданың Есіл өзеніндегі теплоходтарда шағын дәмхана пайда болады. Бұған қоса айлақта тамақтану орындарын ашу көзделіп отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Келесі жылы кеме маусымына дайындық барысында жолаушылар тасымалдайтын теплоходтарда дәмхана мен шағын тамақтану орындарын ашуды көздеп отырмыз", — деді "Есіл Астана" МКҚК директоры Қанат Алин.

Оның айтуынша, мекеме қалалық әкімдікке қосымша кемелер сатып алу жөнінде тапсырыс берген.

"Сондай қажеттелігіміз бар. Астана дамып, тұрғындар мен келушілер саны артып келеді. Себебі қаланың туристік әлеуеті зор. Біздің туристерге қызмет көрсетуге мүмкіндігіміз мол", — деді мекеме директоры.

Айта кетейік, биылғы жылы "Есіл Астана" МКҚК Есіл өзеніндегі кемелерімен 35 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл жылдағы жоспардан 60 пайызға артық. Сондай-ақ  келесі жылы өзендегі такси қызметін іске қосып, Астанадағы алғашқы өзен вокзалының құрылысын аяқтауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу