Жер қойнауын пайдалануға инвесторларды тарту жеңілдейді. Бұл туралы бүгін энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Оның айтуынша, "Жер қойнауы және оны пайдалану" туралы жаңа кодекс жобасы кәсіпкерлерге бірқатар салықтық жеңілдіктер береді. Сондай-ақ еліміздің шикізаттық әлеуеті туралы ақпарат сала мамандары үшін ашық болады. Яғни бизнесмендер арнайы бәссаудаға қатысып, жер қойнауын игеруге кірісе алады. Ал барлау кезіндегі шығындарды пайдалы қазбаларды өндіру кезінде қайтаруға мүмкіндік бар.
"Мұндай шешімдер саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады", – деді, ведомство басшысы.
"Жер қойнауын пайдалану инвестициялық ахуалды жақсарту, еліміздің экономикасын тұрақты дамыту, минералды шикізат базасын орнын толтыруды қамтамасыз ету болып табылады. Кодекс жобасын әзірлеу қажеттілігі қазіргі дамыту кезінде сала алдында сын-тегеурін айтылды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ағымдағы жылдың аяғына дейін кодекс жобасын қабылдауды белгіледі", - дейді ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов.