Жаңа Конституция: Ата Заңға түзетулер тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізіледі

133

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Жаңа Конституция: Ата Заңға түзетулер тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізіледі Фото: Конституциялық сот

Ата заңға Парламент арқылы түзетулер енгізу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конституциядағы жаңа оныншы бөлім Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін көздейді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға кез келген түзету тек референдум арқылы енгізілуі қажеттігіне назар аударды. Осы орайда жобада Ата Заңға түзетулер енгізу Президенттің шешімі бойынша тек жалпыхалықтық референдум   мүмкін деп бекітілді. Парламент арқылы түзетулер енгізу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл мәселе бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы Президентке ұсыныс енгізетін субъектілердің қатарына қосымша Қазақстан Халық Кеңесін қосуды көздейтін норма қарастырылды", – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Он бірінші бөлім "Қорытынды және өтпелі ережелер" деп аталады.

"Жаңа Конституция қабылданған жағдайда, осыған дейін қолданыстағы Ата Заңның негізінде қабылданған Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары өздерінің заңды күшін сақтайтыны жазылды. Ол үшін бұл нормативтік қаулылар жаңа конституциялық талаптарға қайшы келмеуі қажет", – деп атап өтті комиссия мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу