"Жаңа" Конституция ертең күшіне енуі мүмкін

698

Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар референдумда қабылданды. Ол енді ресми хабарлама жарияланғаннан кейін күшіне енеді, деп хабарлады ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров.

"Жаңа" Конституция ертең күшіне енуі мүмкін

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31, 34-баптары негізінде еліміздің негізгі Заңына ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді. Референдумда қабылданған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар референдумның қорытындылары туралы ресми хабар жарияланған күннен бастап күшіне енеді", – деді Әбдіров сейсенбіде ОСК отырысында.

Оның айтуынша, бүгін ОСК референдумның қорытындысы мемлекеттік БАҚ-тарда жарияланады.

"Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттеріне біздің ақпараттық хабарламамыздың тиісті мәтіндері бүгін отырыс аяқталғаннан кейін, жіберілетін болады. Мүмкін олар ертең жариялайды", – деді Петров нақтылау сұрағына.

Конституцияға енгізілген түзетулерді азаматтардың 77,18%-ы қолдады, Конституциялық референдумға сайлаушылардың келуі 68,05%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу